Бүгінгі таңда онкологиялық аурулар кезіндегі оңалту пациентке көрсетілетін үздіксіз қолдау процесі ретінде қарастырылады: ол диагноз қойылған сәттен бастап, емдеу кезеңін және одан кейінгі уақытты қамтиды. Бұл тәсіл «преабилитация» деп аталады және көптеген халықаралық кәсіби қауымдастықтардың нұсқаулықтарына енгізіліп те қойған.
Зерттеулер көрсеткендей, физикалық белсенділікті ерте бастау, психологиялық қолдау көрсету, тамақтану рационын реттеу және пациенттерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету емнің жақсы қабылдануына, асқыну қаупінің азаюына, тезірек сауығуға және өмір сапасының жақсаруына ықпал етеді.