"Zhanaru"
Жобаның пилоттық кезеңі онкологиялық сырқатқа шалдыққан жандар үшін кешенді қолдаудың қаншалықты маңызды әрі қажет екенін дәлелдеді. Біз медициналық емдеумен қатар, пациенттерге психологиялық көмек, қауіпсіз физикалық белсенділік, шығармашылық тәжірибелер, өзара араласу және шынайы әрі сенімді ақпарат ауадай қажет екенін көрдік.
Осы тәжірибеге сүйене отырып, біз жобаның мүмкіндіктерін кеңейту және әртүрлі бағыттағы білікті мамандарды тарту мақсатында Ұлттық медициналық қауымдастықпен бірлесе отырып, «Zhanaru» жобасын жаңа форматта дамыту туралы шешім қабылдадық.
Біздің басты мақсатымыз өзгеріссіз қалады — ол әрбір жан үшін сапалы қолдаудың қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Содықтан жобаның барлық бағдарламаларына қатысу толықтай тегін жүзеге асырылады.