2025 жылы «Zhanaru» ұйымы онкологиялық науқастарға емделу және сауығу кезеңінде бес ай бойы тегін қолдау көрсетіп, психологиялық кеңес беру, денеге бағытталған тәжірибелер, өнер және шығармашылықпен айналысу шаралары мен қолдау топтарын ұйымдастырды.
Жоба толығымен пікірлес адамдардың қаражаты есебінен қаржыландырылған, алайда қаржы тапшылығына байланысты тоқтатылды.
Біз қазір жұмысты қайта бастауға дайынбыз және бұл қолдаудың бір ғана адамға тәуелді болмай, тұрақты сипат алуына көмектесе алатын серіктестерді іздестіріп жатырмыз.